24 мамырда Қарабалық кентінің өрт сөндіру бөлімінің базасында Қарабалық кенті мен Федоровка ауылының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында аудандық "Жас құтқарушы" жарысы өтті.
АӘД жәнеТД мұғалімі Р. С. Бермухамбетовтың жетекшілігімен біздің мектептің командасы жарыстың жеңімпазы атанды.